«Аю мен Машаның күзгі бақшасы!»
Бекітілді:
Алматы қаласы Алатау ауданы
МҚКҚ «№1 бөбекжай –балабақша»
Меңгерушісі: ____________
«Бәйшешек» мектепалды даярлық тобының
«Аю мен Машаның күзгі бақшасы!»
атты мерекелік іс-шара
Орындаған: Шаймаханова У.
Алматы 2019-2020ж.
Тақырыбы: «Аю мен Машаның күзгі бақшасы»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші:
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Осы ертеңгіліктің иелері «Бәйшешек» тобын шақырымыз
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Хор: Алтын күз
Жүргізуші:
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
Інкәр:
Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Айзере:
Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.
Жүргізуші:
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
-Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы ортаға кіріді
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
-Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгін сендерде мереке екен. Алтын күзді тойлатып жатыр екенсіңдер. Менде сендердің мерекелеріне шашу шашып келдім. Қыздарымның орындауында күз биін қарсы алыңыздар
Күз биі
Күз ханшайымы:
-Неткен тамаша би. Менің көмекшілерімде күзге арналған, тақпақтарыда бар.
Камила
Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.
Айша
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
О.Айсұлу
Қарашы күз келді, күз келд
і Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
К. Марьям
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Анипа:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Сабина:
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Жүргізуші:
-Тамаша. Қандай әсем өлең жолдары. Рахмет көмекшілеріңізге.
Қыздар шығып кетеді.
Күз ханшайымы:
-Алтын күз келді. Бау-бақшада жеміс-жидектер пісіп барлығы қуануда.
-Ол рас ормандағы Аю мен Машаның да бау бақшасы піскен болар
-Ендеше сол жаққа барып келейің. Балалар Аюдың үйің көрейік пе
-Ия
-Онда орманның арасымен жүріп аюға жол тартайын.
Күз ханшайымы орман ортасымен келе жатады. Алдынан саңырауқұлақтар шығады
-Мына саңырауқұлақтардың әдемісін ай. Бұларда пісіпті. Аюдың үйіне дейін әлі алыс. Сәл демалып саңырауқұлақтардыңда өнерін тамашалап өтсек қалай болады екен.
-ия
Саңырауқұлақтар биі
-күз ханшайымы, біздің сізге арналған өлең жолдарымыз бар
-Тыңдайық, балалар.
Илья
Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Алижан
Сары ала тон жамылған,
Күз атамыз секілді.
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
Аян
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
Далер
Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Максим
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
-Рахмет саңырауқұлақтар, біз ары қарай аюдың үйіңе жол тартық
Аю мен Маша бақшада жұмыс жасап жатады.
-Сәлеметсің бе, Миша, Маша.
-Сәлеметсіз бе күз ханшайымы?
-Бау-бақшаларында қандай жемістер пісіп жетілді. Алтын күз сендерге қандай сыйлық сыйлады?
-Біз жаз бойы жұмыс жасадық. Еңбектендік. Міне біздің еңбектеріміздің жемістері.
Ортаға бір топ жемістер шығады.
Жемістер биі
Алма:МАЛИКА
Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Өрік:ТОМИРИС
Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Жүзім:СЫРҒАЛЫМ
Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Шие: Ж.АЙСҰЛУ
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Қияр: Ж.АЙЗЕРЕ
Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Асқабақ: АЙСАНА
Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Қызанақ: ІҢКӘР
Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Құлпынай: З.МАРЬЯМ
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Менің атым құлпынай.
Күз ханшайымы
-балалар, менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз.
Ойын
Ойын ойналып жатқан кезде қоян келіп бақшадан сәбіздерді ұрлап жатады
Оны Маша байқап қояды.
Маша:
-Ұры, ұры, қоян сәбіз ұрлап жатырды.
Екеуі таласады
Миша:
Қойыңдар енді. Мына қонақтардан ұят болады.
Күз ханшайымы:
-Ия дұрыс айтады. Таласпандар.
Миша:
-Қоян, ұрлық түбі қорлық. Сұрасаңда берер едік ғой.
Қоян:
-Шынымен де бересін бе?
Аю:
-Әрине береміз
Қоян:
-О-о-о мен сондай қуаныштымын. Сондай билегім келіп тұр.
Күз ханшайымы:
-Онда қоянымыздың биін тамашалайық
Қоян мен сәбіздер биі
Балалар тақпақтар айтады
Ж.Алихан
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
М Нұрасыл
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
К. Арман
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.
Бейбарыс
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Б. Алихан
Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.
Ильхам
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Диар:
Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Күз ханшайымы:
-Өте тамаша. Балалар өте өнерлі екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Балалар мен сендерге тағы да келесі жылы келемін. Сендермен енді қоштасайын. Сау болыңдар
-Сау болыңыз.
Маша:
Күз ханшайымы кетті. Ал мен осы балалармен қонақтармен ойын ойнағым келіп тұрады.ойнайық па?
Ойын ата аналармен.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Көңілімізді көтерген аю мен Машаға рахмет айтамыз. Жомарт күздің сыйлығын қабыл алып, бүгінгі кешті әсем әнмен аяқтайық.
Хор





